Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Қатты қапа болдым": Жігер Ауыпбаев "Меломендіктердің" өзін қалай ренжіткенін айтып берді

Жігер Ауыпбаев «Меломен» тобының жігіттеріне ренжулі екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі «Айта берсін» бағдарламасына сілтеме жасап.

Жігер

Осыдан үш жыл бұрын жеке шығармашылығына бет бұрған әнші мен экс-әріптестерінің арасындағы шиеленіс әлі де шешілмеген. Жақында өткен ән кешіне Жігерді арнайы қонақ ретінде шақырған «Меломендіктер» концерттің телевизиялық нұсқасында Жігер мырзаны неге көрсетпей қойғанын айтты.

«Меломеннің концертіне шықтым қонақ ретінде. Кесіп алып тастады мені. Өзім іштей қатты қапа болдым. Себебі, 10 жылдық «Меломеннің» кеші деп шақырды. Мен арамыз жақсы болыпты ғой деп қуанып бардым. Бәрі әдемі болған. Концерттің кезінде мүмкін басқа өлең айтып көреміз дедім. Олар шешіп қойған екен», - дейді Жігер Ауыпбаев.

Әншінің өкпесін естіген «Меломен» тобының мүшесі Ғабит Бейбасұлы өз нұсқасын ұсынды. Оның айтуынша, топ дайындық барысында телеарнаға түсу туралы мүлдем ойламаған, дайындыққа қатты назар аударған. Сол себепті осындай жағдай орын алды деп ақталды өнер иесі.

«Ол жерде бізде көптеген нұсқа болды. 31 мен КТК арналары тәуелсіз арналар. Ал ұлттық арнада діни тақырыпқа келгенде өздерінің шектеуі бар. Біз ол жерде «Тауахит» деген әнді айттық. Ұлттық арна түсіреді деп ойламай, сол әнге дайындалып, шығып кеттік. Аяқ астынан ұлттық арна бізді түсіріп, ол әнді алып тастады. Бұл жерде біздің кінәміз жоқ. Бізге маңыздысы Республика сарайына келген үш мың адам болды. Ал телеарнадан көрсетпей қалады деп ойлаған да жоқпыз, оған уақыт та, мүмкіндік те болмады», - дейді Ғани Бейбасұлы.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр