Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аралары 17 жыл: Қыдырәлі мен Қарақаттың балаларының ұқсастығы жұртты қайран қалдырды

Қыдырәлі мен Қарақаттың отбасында қуаныш. Жұлдызды жұптың алғаш рет ата-ана атанғанына күні кеше тура 18 жыл толды. Иә, қыздардың арманына айналған келбетті жігіт Бекболат кәмілеттік жасқа жетті, деп жазады Stan.kz.

Аралары 17 жыл: Қыдырәлі мен Қарақаттың балаларының ұқсастығы жұртты қайран қалдырды

Отбасылық қуанышымен Әбілдина желідегі парақшасында бөлісті.

“18 жасың қайырлы, құтты болсын, құлыным. Бекболатым”, – деп ұлына деген ақ тілегін білдірді ол.
Болмановтар жанұясы сағат тілі 12-ні қаққанда Бекболатты алғаш болып құттықтады. Ағасына ақ тілегін арнағандардың қатарында үйдің кенжесі Аяла да бар. Айтпақшы көпшілік Аяла мен Бекболаттың сәби күнгі бейнесінің ұқсастығына қайран қалды.

Аралары 17 жыл: Қыдырәлі мен Қарақаттың балаларының ұқсастығы жұртты қайран қалдырды

“Егіз сияқты”, “Бірінші суреттегі де Аяла екен десек”, “Не деген ксерокс”, “Мәссаған, мынадай да ұқсастық болады екен-ау”, “17 жылдан кейін ксерокопия жасапсыз”, – деп пікір білдірді желі қолданушылары.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау