Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Арал теңізі 32 жылдың ішінде қалай өзгерді (видео)

Google компаниясы Google Earth жобасы аясында Timelapse сервисін қайта жаңғыртты. Енді қолданушылар сайтта отырып 1984 жылдан бері Арал теңізінде қандай өзгеріс болғанын көре алады.

20161130100255

Сайтта экологиялық қауіп төніп тұрған 8 аймақ ерекше белгіленіп көрсетілген. Олардың арасында Арал теңізінің тартылуы, Аляскадағы мұздықтардың еруі және амазонка ормандарының жоғалуы да бар.

Арал теңізі – Қазақстан мен Өзбекстанның шекарасында орналасқан Орталық Азиядағы тұзды көл. 1960 жылдардан бастап теңіз деңгейі күрт төмендеп кетті. Табаны құрғаймын дегенше Арал теңізі әлемдегі ірі көлдер тізімінде төртінші орында тұратын. Ғалымдар радиокөміртектік әдіс арқылы Аралдың пайда болған уақыты мен нақты жасын анықтай алған.

Олардың мәліметіне сәйкес, Арал теңізі 20-24 мың жыл бұрын пайда болған.

Спутниктік суреттерді АҚШ Геологиялық қызметі мен NASA иелік ететін Landsat жобасы түсірген. 1970 жылдардың соңынан бері олардың спутниктері планетаны суретке түсіріп, ал суреттер мұрағатқа жиналып отырған.

Google бұл жобамен 2009 жылдан бастап жұмыс істейді. Ол үшін компания 5 миллионнан астам суретті өңдеп шыққан.

 

Талқылау