Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әр күніңді бақытқа толтыру үшін бәрін жасаймын: Аиша Бүркітті туған күнімен құттықтады

Бүгін белгілі әнші Бүркіттің туған күні. Өнер иесі 40-тың қырқасына шығып отыр. Бұл орайда жары Аиша Бүркітке арнап желіде жантебірентерлік жазба қалдырды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі.

Әр күніңді бақытқа толтыру үшін бәрін жасаймын: Аиша Бүркітті туған күнімен құттықтады

“Бүгін мен үшін ең қымбат адамның туған күні! Айбечик, сені құттықтаймын. Сенімен бірге болғаным үшін бақыттымын және сенің әйелің болғаным үшін қуаныштымын. Мен үшін қашан да қаһарман екеніңді білсең деймін. Сен ештеңеден қорықпайсың, сен үшін ешқандай кедергі жоқ және бұл нәрсе мені шабыттандырады.
Жақсы әрі қамқор әке болғаның үшін рахмет. Сен балаларымыз үшін нағыз үлгісің әрі отбасымыздың тірегісің. Махаббатың үшін алғысым шексіз. Біз үшін жасаған әр ісіңді бағалаймын. Сені өте қатты жақсы көремін әрі бақытты болғаныңды қалаймын. Сенің әр күнің бақытқа толы болу үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Сенің көңіліңді қалдырмай, әрқашан сенімен бірге болатынымды біле жүр”, – дейді Аиша.

Еске сала кетейік, 2018 жылдың сәуір айында Бүркіт пен Аиша қызды болған еді. Бүркіт қызын Сафия деп атап, оның кіндігін өзі кескен.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы барлық жаңалықты t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау