Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Апатты түн: Қапшағай тас жолында адам шошырлық жол апаты болып алты адам көз жұмды (фото)

Қапшағай тас жолында “Өлім жолы” деп аталатын жол жаңа құрбандарын жинап жатыр. Өткен түнде Қапшағай-Бақанас тас жолының 66 шақырымында адам шошырлық жол апаты орын алды.

Бұл туралы Zakon.kz хабарлайды.

Куәгерлердің айтуынша BMW 5 маркалы автокөлігі алдындағы көліктерді озып, қарсы беттегі Geely көлігімен бетпе-бет соққан. Соққыдан BMW ұшып кетіп, бірнеше рет аударылып, аяғына тұрған.

Соқтығысу кесірінен Geely-де отырған төрт адам қаза тапқан. Оның ішінде бала да бар. Сондай-ақ, BMW-да отырған екі адам қаза тапты. Тағы алты адам жараланған, олардың арасында балалар бар. Апаттан BMW жүргізушісі тірі қалған.

Оқиға орынына келген өрт сөндірушілер мен жол жөндеу жұмысшылары көліктердің ішіне қатты қыстырылып, басылып қалған жолаушыларды алып шықты. Арнайы қызмет өкілдері көліктерді кескілеп, жолаушыларды алып шығудың әрекеттерін жасаған.
Geely көлігінде отырғандар Қарағаш ауылына қонаққа бара жатыр екен.

Олардың арасынан тек 9 айлық сәби ғана аман қалған. Оны омыртқасынан жарақат алды деген диагнозбен ауруханаға жатқызған.

Сарапшы-криминалистердің сөзінше, апатқа BMW жүргізушісі кінәлі.

Талқылау