Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаркентте құлаған ұшақта мерт болған азаматтың артында бес баласы қалды

Таңғы сағат 9-дар шамасында ауыл тұрғындары жүгері алқабын дәрілеуге кеткен ұшақтың жербауырлап барып құлағанын көрген. Тіпті кей жастар ұшаққа жақынырақ барып, ішіндегі адамдарды құтқармақ болыпты, деп хабарлады КТК арнасы.

чин

Бірақ әуе көлігі лезде түтіндеп, жаңа бастаған. Кейін жарылыс болған. Ұшақта 54 жастағы Хамит Ақбергенов есімді ұшқыш және 39 жастағы шаруа қожалығының иесі Мәсімжан Мәсімов отырыпты. Екеуі де қаза тапты. Екіншісінің артында бес бала жылап қалды.

Ресми мәліметтер бойынша, қираған ұшақ 1963 жылы құрастырылған. 2016 жылдың қараша айында толық сертификаттаудан өтіп, техникалық мүмкіндігі 2017 жылдың қараша айына дейін толық жарамды деп танылған. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылған. Ал ұшақтың өзі «ҚазАвиа» әуе компаниясына тиесілі екен. Қазір аталған компания басшылығы түгел осында жүр. Олар зардап шеккен отбасыларға барлық көмек көрсетілетінін жеткізді.

Жіберіп алмаңыз:

Алматы облысында ұшақ құлап 2 адам қаза болды (видео)

Оқушы қызбен жыныстық қатынасқа түскен дін қызметкері сотталды

Бойжеткен бала күнінде зорланғанын бірнеше жылдан кейін ғана түсінген

Әйелі қайтыс болған полицейдің ұрығын сақтап үш жылдан соң қыз босанды

Талқылау