Отандық әншілер сахнада сымбатты көрінудің құпиясымен бөлісті

Жұма, 12 Ақпан , 2016 23:26

“Шоу-бизнестің заңы қатал. Толысып, артық салмақ қосқан жұлдыздарға жол жоқ”. Мұны тіпті әнші қыздар ғана емес, жігіттер де растайды. Өнер үшін жан пида дейтін жұлдыздар сахнаға сәні мен сымбаты келіскен болып шығу үшін барларын салады екен.

maxresdefault

Бұл туралы 31 арна хабарлайды

Барған жерлерінде қадірлеп алдарына кең дастархан жайып, табақ – табақ ет тартатын өнер иелері артық салмақпен қалай күреседі? Қандай тағамдардан мүлдем бас тартқан?
Әнші Зарина Омарова жеті айдың ішінде бақандай 24 келі салмақ тастаған. Бала бағып бірнеше жыл бойы үйде отырған әнші 80 келіге дейін толысқан. Алайда, Зарина армандаған дене бітіміне оңайшылықпен қол жеткізбепті.
Әнші толықтығының кесірінен ешқай жерден шақырту ала алмаған. Жұлдыздар шоғырланған концертке шығып, тойда сұранысқа ие болу әнші үшін тіпті мұңға айналған.

Өнерсіз өмірін елестете алмайтынын түсінген Зарина бала-шағасын бір жаққа ысырып қойып, арықтаудың жолдарын іздейді. Сөйтіп, арнайы диетолог мамандардан кеңес алып, жаттығу залынан сағаттап шықпауды әдетке айналдырады.

Әншілердің барлығы дерлік өздерінің салмақтарын күнделікті өлшеп, үнемі тамақтан тәбеттерін тыйып жүреді. Әнші Әділ Сламхан соңғы уақытта толып кеткенін жасыру үшін үнемі қара немесе көк түсті костюмдерді жиі сатып алатын болған.

Ал керісінше, әнші Аша Матай болса, бүгінгі дене бітіміне аса риза. Тәбетіне тоқтау жоқ екен.

МузАРТ тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов семіздікке бейім әншілердің бірі. Мөлшерден тыс тамақ тұтынса болғаны, ең бірінші қарнына артық салмақ жинап алады. Сондықтан бүгінде арнайы диета ұстайды.
Әнші Абай Әбіш те тамақты талғап ішсе де толықтығымен қош айтыса алмай жүр екен. Бүгінде ол махаббат тақырыбында клип түсіріп жатыр.

Жаттықтырушы Ақбар Жармағанбетовті шоу-бизнес өкілдері өздері іздеп келеді екен. Әйгерім Қалаубаева, Ерке Есмахан мен Баян Есентаева дұрыс жаттығып қана қоймай, артық салмақтан арылтудың жолдарын үйренетін көрінеді. Дегенмен, әні мен сәні жарасқан жұлдыздарды патша көңілді көрермен кез -келген жағдайда тыңдай беретіні анық.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар