Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әншіге ақша төлеу жағын ойламайды: Отандық әртістер міндетті салыққа қатысты не дейді?

Осыдан бірер жыл бұрын қазақстандық әншілерге ресми түрде салық салынды. Өнер иелері әр тойдан тапқан табысынан мемлекетке салық төлеп отыруға міндеттелді. Десе де, эстрадада жүрген әртістердің кейбірі әлі күнге дейін бұл заңға наразы.

Әншіге ақша төлеу жағын ойламайды: Отандық әртістер міндетті салыққа қатысты не дейді?

Бұл туралы “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz тілшісі.

“Қызғанып, әншілерге салық төлеттіру керек деп, осылар неге Instagram-ға суреттерін салады, құтырып жүреді дейді. Олай керек емес сияқты, әншілер де адам, олардың да отбасылары бар, олар да біреуге көмектесіп жатқан шығар, оның барлығын жария етіп айта бермейді ғой. Тапса тауып жатқан шығар… Бірақ әншілердің барлығы мұқтаж жандарға көмектеседі деп ойлаймын, тек айта бермейді.

Әншілерге ренжудің қажеті жоқ. Қазақстанда санаулы әнші бар. Өткенде туысымыздың тойы болып, әншілерді санаған кезде, Роза, Мақпал апайларымызды санаған кезде, 30-дан аспайды екен”, – дейді Абай Бегей.

Ал “Жігіттер” квартетінің әншісі Ердос Қанаев пен Жеңіс Ысқақованың ойы мүлдем бөлек. Қос өнер иесі әлемдік тәжірибеге қарап іс атқарсақ, жаман болмаймыз деген пікірде.

“Ол бір адамның ойынан туған нәрсе емес, қаншама білікті мамандар бар, салық болғанда, 1000 доллар тапсаң соның 900 долларын бер деп отырған жоқ”, – дейді Ердос Қанаев.

“Ол да дұрыс шығар. Бүкіл әлемде заң бірдей. Батыстың әншілері де төлейді. Бірақ әншінің әні теледидар, радиодан берілген кезде оған ақша төлеу жағын олар ойламайды, тек әншіден салық алуды ойлайды”, – дейді Жеңіс Ысқақова.

“Басты назарда әншілер болып тұр. Қоғамның бар назары бізге ауып кетті. Оның бір жаман жері – сенің киген киімің, жүрген жүрісің – барлығы бақылауда. Тіпті, жеке өмірге дейін”, – дейді Роза Әлқожа.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау