Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Жазира Байырбековаға туған ағасы ренжулі екенін айтты

Тыңдармандарын нәзік те сабырлы мінезімен, әдемі әнімен баурап алған Жазираға туған ағасы Ербол Байырбеков ренжулі екен. Шынайы өмірде қарындасының сахнадағыдай емес екенін айтқан ол Жазираның кейде артық кетіп қалатынын жасырмады.

Бұл туралы Ербол Байырбеков “Ел аузында” бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Ол сахнада нәзік көрінетін қарындасының үйде мінезі қатал екенін айтты.

“Жазираның мінезі бар, қарындасым, үйдің еркесі болған. Кейде еркелік қылып қояды, қатты кетіп қалатын кездері болады, сол кезде мен де айтатынымды айтып, орнына қойып жүремін. Қанша ренжісіп қалсақ та бәрі-бір бауырлар ажырамайды ғой”, – дейді Байырбеков.

Ол бір кездері Жазираның айтқан сөзіне ренжулі екен.

“Жұлдыз боп жанған, қошеметке көп ие болған адам өзгереді. Кейде, айтып жібергеніңді білмей қалатын кездер болады… Мен ұмыта алмайтын, артық кеткен сөзі болды. Уақыты келгенде, кейін айтамын өзіне. Жұлдыз боп жарқырап жүрген кезде адам пенде ғой білмей қалады “, – дейді Ербол Байырбеков.

Айта кетейік, жұлдызды жұптың танымал болуына септігін тигізген “Сүйгеніңді бағала”, “Сен маған сүюді үйреттің” хит әндерін Ербол Байырбеков жазған.

Тағы оқыңыз:

Әнші Бүркіт інісін үйлендіріп, Таразда дүркіретіп той өткізді (фото)

Ернар Айдар әйгілі брендтің киімдерін сатып алғанын көрсетіп мақтанды (фото)

Жазира Байырбекова сұлулығының құпиясын ашып, бетін қалай күтетінін айтып берді

Жазира Байырбекова: Әлі де ана болатынымды ішім сезеді

Ринат Зайытов: Келесі президент әнші болатын шығар

Талқылау