Әнші Жазира Байырбекова азық-түлікті “Алтын Орда” базарынан алатынын айтты
Әдетте әншілер қарапайым қоғамдық орындарға көп бармайды деген пікір қалыптасқан. Мұны олардың өздері де сұхбаттарында жиі айтады. Алайда, танымал әнші Жазира Байырбекова бұл стеоротипті бұзғысы келетін секілді.
Әнші инстаграмдағы парақшасында азық-түлік алу үшін, қаланың шет жағында орналасқан “Алтын Орда” базарына бара жатқанын айтып суреттер жариялады.
“Егер үйіңізде 3-4 адамнан артық адам тұратын болса азық-түлікті супермаркеттерден емес арзандау базардан алған дұрыс екен. Мен кеттім “Алтын Орда”базарына. Қап-қап азық түлік сатып алуға шықтым. Қайырлы күн, достар!”- деп жазды әнші.
Әйтсе де әншінің мұнысына кейбір желі қолданушылары сенімсіздік танытатындықтарын да жария еткен. Өзінің шынымен де қара базарға барып, сауда жасағанын дәлелдеу үшін Жазира көпшіліктің ортасында да суретке түсіп жария етті.
Көпшіліктің сұрауы бойынша базардағы сурет! Жанымда @inureke555 және @kozhakhmetov9 😊
Фото опубликовано Жанболат – Жазира (@janbolatjazira)
Талқылау

Әлеуметтік желіде танымал қала әкімі кім: Шымқала басшысы 109 мың, Петропавл әкімі 2 мыңнан аса адамға есеп береді
Оқырмандардың сұрақтарына Алматы қаласы əкімдігінің қоғамдық қабылдау бөлмесі жауап береді

Шетелде бірнеше мүлкі бар, Құлыбаевтың компаниясында директор: Басы дауға қалған Олжас Байділдинов туралы не белгілі
Қазір ол Тимур Құлыбаевқа тиесілі компанияның бас директоры қызметін атқарады