Әнші Мақсат Базарбаев қызды болды
Мақсат Базарбаевқа жары үш ұлдан кейін қыз сыйлады. Қуанышты хабарды алғашқылардың бірі болып өнердегі, өмірдегі досы Сәкен Майғазиев жеткізді.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Сәкен Майғазиев өзінің инстаграмдағы парақшасына “Сүйінші! Мақсат пен Әсел 3 ұлдан соң қызды болды! Макси, балапанның бауы берік болсын! Алла – ұлық!” деп жазып қуанышты хабармен алғашқылардың бірі болып бөлісті.

Сүйіп қосылған жары бастапқыда Мақсат Базарбайұлының әнші екенін де білмеген екен. Әсел Жаутекова есімді арумен кездейсоқ жолығып, екеуі отбасын құрған. Қос ғашық бүгінде Аңсар, Айбар, Аят есімді үш ұлды тәрбиелеп отыр.
Естеріңізге сала кетсек, Мақсат Базарбаев пен жарының алғашқы перзенттерін 9 жыл бойы күткені туралы хабарлаған болатынбыз.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"