Әнші кімнің тойында өнер көрсетті: Серікбол Сайлаубек оққағарлардың ортасында тұрып ән салды (видео)
Серікбол Сайлаубек тойда қарулы бір топ күзет арасында тұрып өнер көрсетті. Оқиғаны ІІМ тексеруде.
Әнші мұндай жағдайға қалай тап болғанын өзі де білмейді. Айтуынша, тойда өзбек әншісі Юлдуз Усманова да ән айтқан.
“Негізінде тойға жалғыз барып, жалғыз қайтқам. Тойда өзбек әншісі Юлдуз Усманова да өнер көрсетті. Бізге оққағармен жүру бақыты қайда”, – деп жазды Сайлаубек парақшасында видеоны жариялап.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Білмим негізі тойға өзім барғам и өзім қайтқам Юлдуз Усманова тойға келген #Бізге ондай бақыт қайдан
Мәліметке сәйкес, видео Түркістан облысының Сарыағаш қаласында түсірілген.
Той иелері не себепті қарулы күзетті тойға қойды? Бұл оқиғаны ІІМ тексеріп жатыр.
Желі қолданушылары мұны өзбек әншісі үшін қойылған күзет деп болжады. Бірі мақтан үшін жасалған дарақылық деп бағалады.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
"Азық-түлік пен медицина қолжетімді": Иранда тұратын қазақ қандастар Отанға оралғысы келмейтінін айтты
Ажар: “Ауруханалар мен университеттер бомбаланып жатыр”
"Асқан қатыгездік": Қазақстандықтар қаңғыбас иттерді жаппай өлтіру туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"