Әнші Гауһар Әлімбекова сотта ақталып шықты
Осы уақытқа дейін 6 жылға бас бостандығынан айырылған әнші Гауһар Әлімбекова сотта ақталып шықты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.
Бүгін, 11 сәуір күні, Алматы қаласында өткен апелляциялық сотта судья әншіні ақтау туралы шешім шығарды.
"Гауһар Әлімбекованың айыбы дәлелденген жоқ. Оны 6 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім өзгертілсін. Ақталсын", - деді сот төрағасы Нұрғазы Әбдіханов.
Аталған қылмыстық істің тағы бір фигуранты Феруза Ордабаеваны сот 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Рақымшылық заңына байланысты оның бұл жазасының мерзімі екі есе қысқарды. Осы уақытқа дейін басты фигурант Феруза Ордабаева өзі кінәсін толықтай мойындаған-ды. Сондай-ақ, ол Әлімбекованың бұл қылмысқа қатысы жоқ екенін айтты. Ал Гауһар Әлімбекова өз кезегінде өзіне жала жабылып отырғанын мәлімдеді.

"Мен отбасылық жағдайға байланысты үйде қайғыдан басымды көтере алмай жатқан кезімде айқай шығарып, мені орнымнан қозғап жіберген Сәуле Әбединова болатын. Сол кісі жіберген құжаттарды көргеннен кейін, Гауһардың кінәсіз екеніне 100% көзім жетті. Амалсыз атқа қонуға тура келді. Бұл жерде жалғыз мен емес, Байжанов, Зейнелов бар. Бірақ айтқым келгені, ең алғаш осы мәселені көтерген, дабыл қаққан, әділетсіздіке жаны төзіп тұра алмайтын адам - Сәуле Әбединова.

Естеріңізге сала кетсек, танымал қазақстандық әнші Гауһар Әлімбекова 30 қаңтарда алаяқтық жасады деп айыпталып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Әнші сот шешімі күшіне енгенге дейін қолхатпен босатылды. Кейін оның адвокаты Жұмағали Зинелов істің мән-жайын айтып берді. Адвокат сот үкімімен келіспейтінін, апелляциялық сотқа арыз түсіретінін мәлімдеді.
Қазақстандық ер адам үйлену тойының орнына екі әпкесіне үй, қарындасына көлік сыйлады (видео)