Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Гауһар Әлімбекова қолхатпен босатылды

Алаяқтық бабы бойынша үстінен іс қозғалып, 6 жылға сотталған әнші, сазгер Гауһар Әлімбекова соттың шешімі заңды күшіне енгенге дейін қолхатпен босатылды. Бұл туралы Алмалы аудандық сотындағылар мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап Stan.kz.

Гауһар Әлімбекова

Бұған дейін Гауһар Әлімбекованың қорғаушысы қаланың Алмалы аудандық сотына әншіні қамауда ұстау туралы бұлтарпау шарасына қатысты өтініш түсіріп, оны сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін қолхатпен босату туралы сұраған. Бүгін, 4 ақпанда, сот өтінішті қанағаттандырды.

«Сот Әлімбекованың сотқа дейінгі тексеру барысында бұлтартау шараларын бұзбағанын, тұрғылықты мекенжайы бар екенін және осыған дейін сотты болмағанын ескерді», – дейді соттың баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, Гаухар Әлімбекованың алаяқтық үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылғаны белгілі болды.  Отандық жұлдыздар сотталған Әлімбековаға қолдау білдірді.

Кейіннен Әлімбекованың елбасыдан араша сұрап, хат жазғаны анықталды. Ал сазгерді сотқа берген Бақыт Назарова өз шындығын айтып, оны түрмеге жабуды ойламағанын, тек ақшасын қайтарғысы келетінін жеткізді.

Сондай-ақ, Әлімбекованың темір тордың ар жағынан халыққа жолдаған хаты жарияланды.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау