Ерке Есмахан екінші рет тұрмысқа шықпақ

Дүйсенбі, 30 Мамыр , 2016 9:44

Елімізге танымал әнші Ерке Есмахан екінші рет отбасын құрып, тағы да перзент сүйгісі келетінін жеткізді.

99

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Күні кеше Ерке Есмахан тыңдарманына сахналық көйлегін тарту еткен болатын. Әнші енді өзінің жар атанып, тағы да перзент сүйгісі келетінін айтады. Мұнымен қатар, жуырда “әйел бақыты” атты жаңа ән ұсынбақ.

“Қыз мұраты кету деген еді ғой қазақ атам. Осы мұратқа жеткен қыз баласы еріне асыл жар, сәбиіне ана атанады. Қазір кей қыздың өмірлік ұстанымы өзгеше: мансап, ақша, саяxат, білім қуу. Бәрібір, әйел бақыты ол – перзент сүю. Мұны кез келген әйел баласы өмірдің белгілі кезеңіне жеткенде түсінеді. Бірі ерте, бірі кеш. Айтпағым осыны ерте түсініп, жар болуға, содан кейін ана атануға талпынса екен”, – деп іскер бойжеткендерді бір сынап алды.

Ары қарай “Мен де жар атану, тағы да сәби сүю деген арманымды “аялап” жүрмін. Жаратқан бұйырған күні ол арманымның алдамағанына көз жеткізетініме сенемін! Әр қыз баласына шынайы әйел бақытын тілеймін”, – деп тыңдармандарына жуырда жаңа ән ұсынатынын айтты.


Жіберіп алмаңыз:

Танымал сәнгер әнші Еркені Ким Кардашьянға теңеді

Есмахан: Махаббатын күйеуге шыққан соң кездестіретін жандар бар

Ерке Есмахан Төреғали Төрәлімен арасында қандай сезім барын айтты

Ерке Есмахан әнші Төреғалидың концертіне келмеді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

4
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар