Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
Әнші Бейбіт Қорғанның үшінші перзенті дүниеге келді
Танымал әнші Бейбіт Қорғанның шаңырағында қуанышты жаңалық. Бүгін әнші үшінші рет әке атанды, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл туралы актер Ерболат Төлеген мәлімдеді.
Белгілі болғандай, әншінің жары ұл баланы дүниеге әкелген.
«Сүйінші, халайық! Бейбіт Қорған ағамыз ұлды болды. Бейбіт, кішкентайдың бауы берік болсын», – деп жазды актер Instagram желісіндегі парақшасында.
Өз кезегінде желі қолданушылары “бауы берік болсын” десіп, әншіні құттықтап жатыр.
Айта кетсек, Бейбіт Қорғанның Бексұлтан есімді ұлы, Балзия есімді қызы бар.
"Шәй құйып, сәлем салады, келіндік қызмет атқарады": Индонезиялық келін алған отбасы екі елдің тойы мен ерекше дәстүрлерін көрсетті
Бақберген шетелдік ару қарапайымдылығымен, жайлы мінезімен өзіне ғашық еткенін алға тартты
Қазақстандық ер адам үйлену тойының орнына екі әпкесіне үй, қарындасына көлік сыйлады (видео)
Астанада тұратын үлкен әпкесіне екі бөлмелі пәтер, екінші әпкесіне Ақтөбеден үй сыйлады