Айдана Меденова әншілігінен бөлек жаңа істі қолға алмақ
Соңғы кезде тыңдармандарына тың жаңалықтарын көп ұсынып жүрген әнші Айдана Меденова өзін басқа кәсіпкерлік қырынан танытып, сұлулық салонын ашуды жоспарлап отыр.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Күні кеше өнерден алыстап, болашағын отбасымен байланыстырған әнші таға бір саланың ұшын ұстады. Әнші осы уақытқа дейін киелі сахнаға қайта оралып, болашақта сәнгерлікпен айналысуды көздеп отырғанын айтқан-ды. Алайда Меденова жақын күндердің бірінде сұлулық салонын ашып, халыққа басқа қырынан танылмақ.

Әзірге салонға жетіспейтін бірнеше маманды іздестіріп жатыр екен. Аталған салон “Айдана Меденованың сән студиясы” деп аталады. Ал сұлулық салонының мекен-жайы туралы толық ақпарат жоқ.
Дәл қазір әнші бұдан өзге “Менімен биле” атты әніне бейнебаян түсіріп жатыр.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Айдана Меденованың сахнаға қайта оралғаны туралы жазған болатынбыз.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан