Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Анита Цой анасын «өз қолымен өлтіргенін» айтты

Анита Цой анасының ауыр жағдайына өзін кінәлайды. Ол анасына күштеп дәрі бергенін айтып ауыр күндерді еске алды.

Анита Цой

Айтуынша, әнші 1 жаста болғанда әкесі отасынан кетіп қалған. Әкесі ұлды қалаған. Анасы отбасын асырау үшін зерттеу институтында еңбек етті.

Бірде әншінің анасы «халық жауы» атанған ғалым Андрей Сахаровты қорғап, билікті сынға алады. Сол үшін әйелді психикалық дертті  емдейтін ауруханаға жатқызады.

«Мен анамның бет-жүзі қарайып кеткенін көрдім. Ол отыра да, сөйлей де алған жоқ. Ол менің анама ұқсаған жоқ», – дейді қызы.

Анасы дәрі ішкісі келмей қарсыласқанда дәрігерлер ем жүргізуді талап етті. Анасы кумирін қолдап академияға бара берді. Сондықтан бірнеше рет ауруханаға жатқызды. Кейін Сахаровты ақтағанда Анита Цойдың отбасы өз қателіктерін түсінді.

«Біз күштеп дәрі бердік. Тілінің астына дәрі қойдық. Анам төсекте көкөніс сияқты жатты. Көзінен жас парлады. Біз өз қолымызбен өлтірдік. Өйткені телеарнада болып жатқанға сендік. Ал, анам өзінің сау екенін айтқысы келді», – дейді әнші.

Анасы әлі күнге дәрігерлерге сенбейді. Қызы анасына ешбір дәрігерге қаратпайтынына уәде берген. Бүгінде 80 жасқа толды.

«Анам үшін барлық дәрігер жауы секілді. Маған сене алуы үшін көп жылдар керек болды», – дейді Анита.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау