Әнші Әmre Чехиядағы байқаудан Гран-При ұтып алды

Бейсенбі, 30 Қараша , 2017 7:30

Әmre есімімен таныс жас әнші Ернар Садырбаев Прага қаласында өткен екі бірдей халықаралық ән байқауынан Гран-При жүлдесін ұтып алды. Байқау аяқтала салысымен Әmre «ҚазАқпарат» тілшісінің сұрақтарына жауап берді.

– Жеңіс құтты болсын! Қателеспесек, Чехияда екі бірдей жарыста озық шықтыңыз. Қай елдердің өнерпаздарымен сынға түстіңіз?

– Рахмет! Алдымен, Ресей Федерациясының Чехиядағы елшілігінің ұйымдастыруымен өткен шараға қатыстым. Шарты бойынша тек қана орыс тіліндегі өлеңдерді айту керек болды. Бірінші турда – «Ангел», екіншісінде «На континенты» деген әндерді шырқадым. Сөйтіп, қазылар алқасының жоғары ұпайын иелендім.

Екінші халықаралық вокал байқауы «Diamond voice festival-2017» деп аталады. Расын айту керек, бұл сынның бәсі жоғары болды. Себебі, Испания, Болгария, Грузия, Ангола, Ресей, Чехия, Колумбия сынды елдердің «мен» деген өнерпаздары келді. Шынымды айтсам, Александр Морозов, Бруно Елушич, Камила Хюбш, Хуан Лопес сияқты есімдері танылып қалған әншілердің арасынан бас жүлде маған бұйырады деп ойламадым. Қуанышымда шек жоқ!

– «Diamond voice festival-2017» қазыларын қандай әндеріңізбен таңғалдырдыңыз?

– Бұл байқау да екі кезеңнен тұрды. Әуелі, Моцарттың әйгілі Je dour ser der roses мюзиклін орындадым. Шешуші кезеңде өзіміздің «Құсни-Қорланды» алып шықтым. Осы өлеңді Германияда болған «BerlinePerle-2014» сайысында да орындап, үздік үштіктен көрінгенмін.

– «Құсни-Қорлан» әнін таңдауыңызға не себеп болды?

– Меніңше, Арқа мектебіне тән сал-серілік дәстүрдің сарқыты Естай Беркімбайұлының есімін білмейтін қазақ кемде-кем шығар. Оның махаббат әнұраны саналатын атақты «Құсни-Қорланы» өзімнің сүйіп шырқайтын әніме айналды. Жалпы, осы әннің тарихы өзіме ұнайды. Сұраған кісілерге Сапарғали Бегалиннің 1939 жылы Естайдың өз аузынан жазып алған сөзін айтып беремін.

– Дәстүрлі сұрақ: өнер жолына қалай келдіңіз?

– Әншілердің көбі мектеп қабырғасынан-ақ өз жолын таңдап қоятын болар. Менікі де осылай басталды. Қостанай қаласында оқыдымы. Ән-саз пәнінің мұғалімі әнге деген жақындығымды байқап, қалалық жарыстарға қатыстырып жүрді.

Кейін 7 жыл музыка мектебін аяқтадым. ҚР еңбек сіңірген әртісі Александр Калугиннің тәлімін алдым. Әрине, әншілікке жол бастаушы болған Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясы екені даусыз.

– Басқа қандай халықаралық байқауларға қатыстыңыз?

– Алыс-жақын шет елдердің дарындыларын жиған «Алтын микрофон», «Бозторғай» байқауларының жүлдесіне ие болдым. Одан бөлек, «Дельфи ойындары» конурсының лауреаты атандым. Ресейдегі ән байқауларында бірнеше рет бақ сынадым. Нәтижелері де жаман емес. Миланда өткен «ЭКСПО-2015» халықаралық көрмесінде ән айту құрметін иелендім.

– Бір сұхбатыңызда анаңызға арнап ән жазғыңыз келетінін айтып едіңіз…

– «Арман деген көп белес: біріне шықсаң – бірі бар». Қалай болғанда да, балалық борышымның бір пұшпағын осылай өтегім келді. Оған да қол жетті. «Анашым» атты әніме бейнебаян да түсірілді.

– Ендігі арманыңыз не?

– Әншілер үнемі ізденісте жүруі тиіс. Әншілік шеберлікті шыңдаудың сыртында, кез-келген аспаптың тілін игеруді мақсат тұтамын. Ал азамат ретіндегі арманым – Қазақстан байрағын өз өнеріммен биіктету.

Оқи отырыңыз:

Елімізде несие алушылар банктен комиссия шығындарын өтеп алып жатыр

Майк Тайсон: Анам маскүнем, әкем сутенер болды

Баян Мақсатқызы тұрмысқа шығатынын мәлімдеді

Қостанайлық әжей 109 жасын тойлады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
14.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар