Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алла Пугачева бүгінгі 67 жасқа толған күнін тойламайтын болды

Ресейлік танымал әнші Алла Пугачева өзінің 67 жасқа толу мерейтойын дүркіретіп атап өтуге ниетті емес. Ол туған күнді Грязь атты Мәскеуге жақын орналасқан ауылда отбасымен бірге ғана өткізбек.

pug

Сурет ntv.ru

Бұл турал dni.ru хабарлайды.

Примадонна 15 сәуір күні 67 жасқа толды.

“Мен өзімнің қаншада екенімді ешқашан жасырған емеспін. Әр жыл өзінше бір тарих. Қай газет-журналды ашып қалсаңызда менің жасымды дәл жазған. Бәрі біледі. Дұрысы, бәрі жасымнан басқа ештеңе білмейді”, – дейді әнші.

Оның бүгінгі туған күнін тойлағысы келмейтінін жақын досы, дизайнер Мила Ставицкая айтып берді.

“Алла Борисқызы туған күнін тойлағысы келмейді. Әрине, жақын адамдардың барлығы оны құттықтап, тойлатуға уақыт табар еді. Ол өзінің Гарри есімді ұлына өкіл ана болуымды сұрады. Бұл мен үшін қуаныш. Біз 20 жылдан бері таныспыз. Жақсы тіл табысамыз”, – дейді ол.

Дизайнер әдетте Пугачева мерекелік кешті ұйымдастыру жағын өзі атқаратынын да айтып өтті. Ол кештің сценариін де жазып, ән айтып та, билеп те үлгереді екен. Тіпті ешкімді жалықтырып алмас үшін, түрлі таңқалдырар нәрселер де ойлап табатын көрінеді.

66 жасқа толғанын әнші Израилде өткізген еді. Ол кезде де санаулы адамдар күйеуі Максим Галкин, қызы Кристина Орбакайте және Михаилом Земцов пен қызы Клавдия қатысқан.

Талқылау