Әнші Әлішер Кәрімов тоналды

Бейсенбі, 12 Мамыр , 2016 10:51

Әлішер Кәрімовтен әріптестері ән ұрлап жүр. Әншінің “Таба алмайсың” атты әнін қырғызстандық әнші Әнел орындап қана қоймай, бейнебаян түсіріп үлгерген.

image

Фото: instagram.com/alisher_k/

Бұл туралы gakku.kz хабарлайды.

Ақкөңіл Әлішер Кәрімов істі сотқа дейін жеткізбеген. Бар болғаны жас әншіге автордың есімін жазып қоюды ескерткен.

“Маған әйтеуір бір жерінде әннің авторын көрсетіп қойса болды. Басқа ешнәрсесінің керегі жоқ. Өзге мемлекетте, Дағыстанда болсын, Қырғызстанда болсын, әндер мәңгілік өмір сүрсін. Мен тек қана қуанамын”, – дейді Әлішер Кәрімов.

Әнші кей әндерінің өзі үшін өте бағалы екенін айтады. Өйткені арасында он жылдан бері үзбей орындап келе жатқан туындылары бар. Оның “В океане глаз твоих тону” сынды әндері Дағыстанда жиі айтылады.

“Менің әндерім бәрінен де күшті. Егер оны әлдекім қайталап айтар болса, мен тек қуанамын”, – дейді әнші. Десе де, ең үздік әндердің орындаушысы әріптестерінен автордың есімін жазуды ұмытпауды өтініп сұрайды.


Оқи отырыңыз:

Әлішер Кәрімов “Ла ла ла” атты су жаңа бейнебаянын ұсынды (видео)

Исабекова мен Әлішер Кәрімов көңіл қосты ма

Әлішер Кәрімов сұңғақ бойынан ұялады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар