Анна Алябьева: Қазақ тілін үйреніп, депутат болуды жоспарлап жүрмін

Сәрсенбі, 10 Ақпан , 2016 19:05

22 жастағы Анна Алябьева гимнастикадағы мансабын аяқтаған соң, ҚР парламентінің депутаты болуды жоспарлап отыр. Азия ойындары чемпионының айтуынша, ол қазір Лондонда Астана қаласының жастар мәслихатының депутаты екен.

0_9be33_3e0b4017_XL

Сурет www.alaman.kz сайтынан алынды

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Бұл үшін ол елордадағы қоғамдық жұмыстарға араласып, елдің заңымен танысып, көмекке мұқтаждарға арнап қор құруды ұйғарып отыр.Тіпті, мемлекеттік тілді меңгеруге де ден қойыпты.

«Шынымды айтсам, тіл үйрену маған оңайға соғып жатқан жоқ. Бірақ, қайткен күнде де қазақ тілін үйренуім керек. Өйткені, болашақта саясатқа бет бұрып, абыройлы саясаткер болуды жоспарлап отырмын», – дейді Альябьева.

Мақсатына жету үшін ол бірқатар спорт түрлерін дамытпақ.

«Салауатты өмір салтын ұстанып, спорт залдарды, дене шынықтыру саласындағы түрлі секцияларды, үйірмелерді дамытқым келеді. Өйткені, сол саладан чемпиондар шығады. Олардың әрқайсысын қадағалап отыру керек. Барлық ата-аналар балалалын ақылы үйірмелерге бере алмайды ғой. Қазір «Аула клубы» деп аталатын керемет жоба бар. Астананың әрбір ауласында спорттық үйірмелер ашқалы жатырмыз. Онда үлкен де, кіші де қатысуына болады. Әсіресе, болашақ чемпиондар шығаруымыз үшін балаларды көптеп қатыстыруымыз керек», – дейді ол.

Бұдан бөлек, Анна Алябьева үлкендер мен балаларға арналған сауықтыру спорт студиясын ашқан. Енді көркем гимнастика мектебін ашуды жоспарлап отыр.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Ит пен кус депутат бола беретин болдыгой

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар