Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анкарада дауыл ағаштарды құлатып, шатырларды ұшырып әкетті: Метро бекетінің бірін су басып қалды

Түркия астанасы Анкарада нөсер жаңбыр мен дауыл ағаштарды құлатып, үйлердің шатырын қиратты, зардап шеккендер бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Риа Новости басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: trthaber.com 

"Қалада түстен кейін басталған дауыл уақыт өте күшейе түсті. Кейбір көшелер мен жол жиектерінде, әсіресе Кечиерен, Чанкая, Этимесгут, Синкан және Гельбашы аудандарында ағаштар құлады", – деп жазды басылым.

Астананың кейбір аудандарында қатты жел тұрғын үйлердің шатырын ұшырып, айналасына шашыраған материалдар тұрақта тұрған көліктерге зақым келтірген.

"Зардап шеккендер бар. Метеорологтардың сөзінше, жауын-шашын мен найзағай түнге дейін жалғасады", – делінген хабарламада.

TRT Haber Telegram каналы хабарлағандай, дауылдың салдарынан Бадамлик мешітіндегі екі мұнараның бірі құлаған.

Ыстамбұлдың Бахчелиевлер ауданындағы метро станциясы су астында қалды.

Бұған дейін Түркияның орталығындағы Токат провинциясында магнитудасы 5,6 балдық жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісінің ошағы Сұлусарай елді мекенінің маңында 5 шақырым тереңдікте болған. Жер сілкінісі көршілес аудандарда, соның ішінде Самсун, Кайсери және Сивас қалаларында да сезілген.

Талқылау