Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнімді рұқсатсыз алған: Шахизада Ерке Есмаханға өкпесін айтты

Шахизада әріптесі Ерке Есмаханға ренжулі. Ол бір кездері өзі орындаған әнді Еркенің рұқсатсыз алғанын түсінбей отыр. Бір қызығы, Есмахан аталған әнді орындау үшін Шахизададан да, ән авторынан да рұқсат сұрамаған.

шахизада ерке

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

«Өмірлік әнім болшы» атты әнді осыдан 30 жыл бұрын Шахизада орындапты. Ал Ерке Есмахан осы туындыны отандық жобалардың бірінде шырқаған. Тек алғашқы орындаушыдан да, автордан да рұқсат сұрамапты.

“Өзім бір түрлі болып қалдым. Біледі ғой ол енді о баста менің әнім екенін, бейнебаян түсіргенімді. 30 жыл бұрын шыққан ән, мысалы. Сол бейнебаянды көріп, сол әнді тыңдап өскен қыздар ғой енді. Сонда бір ауыз Шахизада апай, осы әнді орындасам қалай болады деп айтса, мысалы мен еш уақытта «жоқ» деп айтпаймын ғой”, – дейді Шахизада.

Шахизада Еркенің орындауындағы әнді естігенде жаман ойдан аулақ болған. Себебі әріптесім автордан рұқсат алған деп ойлапты. Алайда олай болмай шықты.

«Өмірлік әнім болшы» әнінің авторы Гүлнәр Дәукенова да маған айтты: «Ол енді Ерке қызымыздың ол тірлігі дұрыс болмады. Сенің алдыңнан өту керек еді. Мен де өзім таң қалдым» – деп автордың өзі солай айтып жатыр.

Сыйламағандық шығар деп ойлаймын. Үлкенді сыйлау керек, рұқсат алу керек. Қазір енді 21-ші ғасырда телефон бар емес пе? Шахизада апай естіп жатырмын, ренжіп қалған жоқсыз ба деген сияқты. Одан кішірейіп қалмайды ғой!” – дейді Шахизада.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау