Англия тұрғыны үйін Гарри Потер фильміндегі кейіпкердікіндей етіп жасап шықты (фото)
Англияның Шрусбери қаласында сырты кәдімгі үйлерге ұқсас болғанымен іші адам таңданарлықтай ерекше үй бар.

Бұл туралы nz1.ru хабарлайды.
Шарлотта Криакоу 30 мың евро (11 250 000 теңге) жұмсап, 18 ай ішінде үй ішін ерекше етіп жасап шыққан. Гарри Потер фильмін ерекеше сүйіп көретін үй иесі өз баспанасының да кейіпкердің үйіндей болғанын қалаған.

31 жастағы әйел жиһаздарының көп бөлігін алдырып, оның орнын фильмдегі дүниелермен толтырып шыққан.

Шарлоттаға күйеуі мен балалары да көмектескен.

«Бұл ерекше ертегі. Барлық адам ертегі әлемінде өмір сүрсем деп армандайды. Ал, Гарри Потер қазіргі заман балалары үшін нағыз ертегі», – дейді Шарлотта.





Жіберіп алмаңыз:
Әркімнің де тұрғысы келетін ағаш үстіне салынған ерекше үйлер
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан