Әнел Арынова баласымен бірге жарнамаға түсті
Әнші Әнел Арынова екі жасар баласымен бірге жарнамаға түсті. Қазірге құпия жарнаманың фото үзінділерінен Имыранның тұсауы кесілгенін түсінуге болады. Сондай-ақ, Әнел түсірілім кезінде сәбиі өзін нағыз әртістей сезініп, берілген тапсырманы мүлтіксіз орындап шыққанын айтады.


“Көптеген заманауи келіншектер балаларының жарнамаға, кино үзінділері мен журналдарға түскенін қалайды. Солай ғой? Мен осылай ойлаймын. Имыран екеуміздің оқиғамыз мүлде ерекше болды. Мен бұрындары съемкалар жайлы білмеген болғанымда, әрине барлығы қиын болатын еді. Бәріненде жолымыз болғаны өмірдегі рөліміз бойынша жарнамаға түстік. Яғни мен Имыранның анасының рөлінде болдым. Баланы түсіру өте қиын. Барлығы соның ыңғайына қарайтыны рас. Бастысы балаға бәрі ойын сияқты көрінгені дұрыс. Біздің жағдайымызда солай болды»,-дейді әнші.
Қазірге әнші ұлымен бірге нені жарнамалағаны, қашан қай арнадан немесе журналдан шығатыны жайлы мәліметті құпия қалдырған.
Видео опубликовано Anel Arinova (@anelarinova)
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"