Анджелина Джоли алимент үшін Брэд Питті сотқа берді
Голливуд жұлдызы, танымал актриса Анджелина Джоли бұрынғы күйеуі Брэд Питтің «алиментті толық төлемейтінін» айтып, оны сотқа берді.

Бұл туралы NBC телеарнасы хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Анджелина Джоли мен Брэд Питт 2016 жылы «келіспеушіліктердің» салдарынан ажырасуға шешім қабылдады. Дегенмен, жұлдызды жұптың алты баласы анасының қолында қалды. Өз уақытында бүкіл әлемді қызықтырған бұрынғы ерлі-зайыптылардың ажырасу процесі әлі жалғасуда.
Джолидің қорғаушысының айтуынша, Брэд Питт әйелімен ажырасқаннан кейін балаларын асырап бағуға айтарлықтай қаражат төлемеген. Алайда, шағымданушы тарап актердың қанша сома төлеп жүргенін нақты атап айтпады.
Десе де NBC арнасы атап өткендей, Брэд Питтің жақындары актердың барлық алиментті белгіленген тәртіп бойынша төлеп жүргенін айтқан.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған