Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анджелина Джоли әлемдегі ең құрметті әйел атанды

YouGov зерттеу компаниясы жүргізген сауалнаманың қорытындысы бойынша актриса Анджелина Джоли әлемдегі ең құрметті әйел атанды, деп хабарлайды BNews.kz.

джолиии
Ондыққа сондай-ақ Елизавета II патшайым, АҚШ президенттігіне кандидат Хиллари Клинтон, АҚШ-тың бірінші ханымы Мишель Обама, Германия канцлері Ангела Меркель енді.

Ерлер арасында Microsoft компаниясының негізін қалаған Билл Гейтс көш бастап тұр, екінші орында – АҚШ президенті Барак Обама. Үшінші орынды Қытай басшысы Си Цзиньпинь, төртінші орынды актёр Джеки Чан және бесінші орынды физик Стивен Хокинг иеленді.

Сонымен қатар ондыққа РФ президенті Владимир Путин Далай-Лама, Рим Папасы, Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди және Alibaba Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Джек Ма кірді.

Талқылау