Аңдып жүріп пышақтады: Атырауда дәрігерлер жарақат алған әйелдің өмірі үшін күресіп жатыр
Атырауда әйел адамға шабуылдаған ер адам ұсталды. Желіде ер адамның әйел адамды аңдып жүріп пышақтағаны түскен видео тарады.

Бұл оқиғаны денсаулық сақтау басқармасы растады. Кеудесінен жарақат алған әйел адам ауруханаға түсті.
"Оған ота жасалды. Ота 4 сағатқа созылды. Қазіргі уақытта әйелдің жағдайы ауыр", - дейді денсаулық сақтау басқармасында.
Ал, оған шабуылдаған ер адам ұсталды. Оқиғаға қатысты тергеу басталды. Өңірдегі полиция департаменті бұдан өзге ақпарат жарияланбайтнын мәлімдеді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі