Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әндерімді өзім де тыңдамаймын: Әли Оқапов “даусы жоқ дарынсыз” деп сынағандарға жауап берді

Менің даусыма ешқашан ешкім қызығып қараған емес! Әли Оқапов дәл осылай деп тыңдарманына жан сырын ақтарды. Ол өз даусын ұнатпайтынын ашық айтты. Сондай-ақ, мықты вокалистермен дуэт айтуға өзін лайықсыз санайтынын мойындады.

Бұл туралы Оқапов Гәкку FM радиосының “Если честно” бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Әли өз әндеріне сын көзбен қарайтынын, тіпті жарыққа шыққан соң оларды өзі тыңдамайтынын атап өтті. Алайда кәсіби маман тіршілігін жалғастыруы деген желеумен жұмысын тоқтатпайтынын мәлімдеді.

“Орындықтың үстіне тұрғызып қойып, ән айтқызатын бала болған жоқпын. Өте кеш, яғни 16 жасымда ән айта бастадым. Әркез ерте бастау керек еді деп ойлаймын. Маған қатысты “дауысы жоқ” деген пікір жиі айтылатын. Бұл қарапайым көрерменнің де, тіпті музыкадан ешқандай хабары жоқ адамдардың да, кәсіби маманның да тарапынан айтылды. Ең басында барлығы осыны ашық айтатын. Әрине ол пікірідің маған кері әсер еткені соншалық, менде комплекс пайда болды”, – дейді Әли ағынан жарылып.

Даусымен таңғалдыра алмайтынын түсінген Әли жастарды баурап алудың өзге тәсілін тапқанын айтады.

“Ақыр соңында Әли Оқапов ешқашан тыңдарманын даусымен таңғалдыра алмайды деп шештім. Әли Оқапов елді музыкамен, еңбекпен, бимен, шоумен қаратады. Сондықтан өзім де сенбеймін. Тіпті, Ділназ Ахмадиева мен Мақпал Исабекова дуэт айтуға талай ұсыныс жасады. Бірақ мен әлі күнге дейін олардан қашып келемін. Себебі олармен дуэт айтуға лайық емеспін деп есептеймін. Олар ән айту үшін жаралған адамдар. Ал мені бұл әлемге тағдырдың өзі алып келді”, – дейді Оқапов.

Жіберіп алмаңыз:

Отандық жұлдыздар желіде “Қалаулымға” қарсы флешмоб бастады (видео)

“Қалаулым” жобасының бас редакторы: Біз қазақ халқына қарсы әрекет жасамаймыз (видео)

Ерке Есмахан: Жаман жолға түсіп, аға-көкенің соңында жүруге менің құқығым жоқ

Түсіпбаева өзін айыптаған Бағым Мұхитденоваға жауап берді

Талқылау