Анасы жетімдер үйіндегі балаларымен 8 жыл өткен соң табысты (фото)

Сәрсенбі, 20 Сәуір , 2016 12:46

Балалалар үйінің 11 баласын тәрбиелеп отырған Астана қаласының тұрғыны Жанар Байжулдинова олардың биологиялық ата-аналарын іздеуді жөн көрген. Жақында Жанар үш баланың анасы 35 жастағы Баян Короткованы тауып, онымен әңгімелескен екен. Әңгіме барысында оны өзіне көшіріп алуды ұйғарыпты.

Безымянный

Суреттер: ©Валерия КАЛИЕВА

Бұл туралы express-k хабарлайды.

Екі қыздың анасын тауып, оларды балаларымен кездестіргісі келген.. Алайда, балалар танымайтын аналарымен кездесуден бас тартқан.

«Оның лай жерлермен жүгіріп балаларына келе жатқанын көргенде, оның аналық махаббаты әлі өшпеген екен деп ойладым. Бастысы – қазір балалары бақытты», – дейді Байжулдинова.

f4d535e4e8216295056555fe72793c55

Баянның өзі де балалар үйінде тәрбиеленген. Өмір де аз-кем жолы болмай, күйеуі маскүнем болып, өзі дұрыс жұмыс таба алмаған. 2008 жылы өзін ата-ана құқығынан айырған.

«Мен бабаларымды көру үшін балалар үйіне бірнеше рет келгем. Алайда басшылық олардың ауырып жатқанын, бірде сабақта екенін айтып, кейде менің денсаулығымның дұрыс еместігіне баланысты кездестірмеген», – дейді Баян.

Сәбилерін балалар үйіне өткізгенде Римма (Балалар үйінде оларға басқа есім бергендіктен, оны қазір Мариям деп атайды) 3 жаста, ұлы 1 жарым жаста, ал ең кішісі 2 айлық болған.

«Мұндай жағдай менің басымда өтіп жатпаған сияқты. Мен өзімді тек ұйықтап жатқандай сезінем», – дейді Баян.

«Әр бала өзінің өткені жайлы, отбасы жайлы білуі керек. Тым болмаса ертең қаны араласпас үшін жақындарын танып-білуі тиіс», – дейді Жанар Байжулдинова.

«Кездесетін күні біз Мариям екеуміз көлікте Баянды күтіп отырдық. Ол бастапқыда тез-тез  басып келе жатты. Жақындағанда жүгіре бастады. Көлікке кеп отырған соң, көз жасына ерік беріп, қызын құшағына алғысы келді. Бірақ, қызы одан кірпідей үрке берді. Кейіннен асықпай сөйлесіп, келесі кездесу күнін белгіледік», – деп еске алады ол.

Безымянный

«Ол маған хабарласып, балаларының жанына көшуімді ұсынды. Мен бірден келістім. Ертесіне киімдерімді жинап, көшіп бардым», – дейді Баян.

«Баян бізге 2 жасар ұлымен келді. Өзінің тағы аяғы ауыр еді. Енді мен олар үшін де жауап беретін боламын. Елбасымызбен кездескенде ол маған біздің елге үлкен үй керек екенін айтқан. Шенеуніктер президенттің айтқанын орындап, менің үйім үлкен отбасыға айналады деп ойлаймын», – дейді Жанар.

«Балаларым айтқанымды екі етпейді. Менің оларға ұрыспай, сыпайы сөйлескенімнен болар. Маған бәрінен де олармен бірге ұйықтаған ұнайды. Мен оларға біздің өткеніміз жайлы айтамын. Олар маған алдағы уақытта бәрі жақсы болады деген сыңайдағы ертегілер айтып береді», – дейді Баян.

Гульмира Матхаликова

Жіберіп алмаңыз:

Қостанайда ұлы мен анасы 24 жылдан соң кездескен (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар