Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анасы ұрлық жасаған ұлын бейне-жазбадан танып, полицияға ұстап берген (видео)

Иркутскіде әйел ұрлық жасаған ұлын бейне-жазбадан танып, полицияға ұстап берген. Жасөспірім досымен бірге әйелдің қалта телефонын ұрлаған. Қылмыс бейне-бақылау камерасына түсіп қалған.

Анасы ұрлық жасаған ұлын бейне-жазбадан танып, полицияға ұстап берген (видео)

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Қылмыскерлерді анықтау мақсатында видео желіге жүктелген.

Күдіктінің анасы видеодан ұлын танып, құқық қорғау органдарына хабар берген-ді. Бұдан кейін жас жігіт полицияға барып, өздігінен берілген. Әрі өкінетінін айтқан.

“Ұрланған қалта телефоны иесіне қайтарылды”, – деп хабарланды құқық қорғау органынан.

Ұрлық жасаған екі жігіт бір сыныпта оқитын болып шықты. Ол аздай, оқушының екеуі де үлгілі отбасынан шыққан. Жасөспірімдерді ұрлық жасауға не итермелегені белгісіз.

 

Талқылау