Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анасы мен қызы бір мезгілде сұлулық ханшайымдары атанды

АҚШ-тың Оңтүстік Дакота штатында анасы мен қызы бір мезгілде халықаралық байқаудың сұлулық ханшайымы ретінде танылды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Анасы мен қызы бір мезгілде сұлулық ханшайымдары атанды

Тина Уилсон есімді төрт баланың анасы кенже қызы Морганды бірнеше жыл бойына сұлулық байқауына апарып жүріп, өткен жылы өзі де подиумға шығуға шешім қабылдады. 56 жастағы әйел екінші қадамнан кейін бірден жеңімпаз тәжін жеңіп, «Оңтүстік Дакота ханымы» атағына ие болды.

Дәл сол байқауда оның 19 жасар қызы Морган «Оңтүстік Дакота» атағын алды. Бірақ бойжеткен өзі үшін емес, анасы үшін қатты қуанатынын мойындады.

«Сол күні бәрінен де анама қараған ұнады. Ол сондай бақытты, сенімді және әдемі көрінді»,- дейді Морган.

Олардың байқауға қатысуына Скотт есімді 49 жастағы отағасы, әрі мүгедек ардагер үлкен қолдау көрсетті. Скотт әйелі мен қызының байқауда жеңіске жеткеніне қатты қуанды.

Марапаттау рәсімінен кейін Тина сезімге беріліп, мектепті бітіргеннен кейін 136 келіге дейін салмақ қосып алғанын және ешқашан сұлулық ханшайымы боламын деп ойламағанын мойындады.

«Тамақ менің жын-перім болды. Мен алкоголь ішіп, темекі шеккен емеспін, менің жұбанышым тамақ болды. Маған сол бұрынғы америкалық фастфуд: пицца, дәмді тоқаштар, McDonald’s ұнады» – деді Тина.

2009 жылы Тина асқазанын кішірейтуге ота жасатып, салауатты өмір салтын ұстануға тырысып, 10 айда 72 келі тастап, содан бері әлі салмақ қоспады. Тина кейде бұрынғы кемшіліктеріне бола аздап қысылғанын да мойындады. Бірақ конкурстағы жеңісі оған сенімділік беріп, бұрынғы кемшліктерімен мәңгі қош айтысуға көмектесті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау