Анасы қызын бір теуіп жеделсаты есігінің қысып қалуынан құтқарды
Малайзияда әйел үш жастағы қызын жеделсаты есігінің қысып қалуынан құтқару үшін бір тепкен. Болған жайт тұрғын үй ауласына қойылған камераға түсіп қалған.
Видеода баланың есігі ашық жеделсатыға келіп, кіруге әрекеттеніп тұрғаны көрінеді. Тура сол кезде есік жабыла бастайды. Қызының онда кіріп үлгермейтінін түсінген ана жүгіріп келіп, оны аяғымен теуіп құлатады.
«Электрлі сатыда сенсор жоқ, түймесі тек ішінде ғана. Онсыз есік ашылмайды. Қыздың жолы болды. Аз болмағанда ол есікке қысылып қалатын еді. Анасының шапшаңдығының арқасында қыз құтқарылды», – дейді жергілікті басылымдардың біріне сол маңдағы күзетші.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"