«Анандидің» қазасына оның сүйіктісі себепкер болуы мүмкін
«Келiн» телехикаясының бас кейіпкерінің рөлін сомдаған Болливуд жұлдызы Пратюша Банерджи сүйіктісінің үйінде асылып қалған еді.

Жергілікті БАҚ таратқан мәліметтерге сәйкес, Пратюша Банерджидің денесін оның сүйіктісі – әртіс әрі телепродюссер Рауль Сингх тапқан. Бойжеткен шұғыл ауруханаға жеткізілген, бірақ дәрігерлер оның қайтып кеткенін айтқан.
Өзіне қол салған бойжеткен мен оның бірге шаңырақ көтергелі жүрген жігітінің арасында келіспеушілік болған. Бұдан бөлек, полицейлер Пратюша Банерджимен байланысы, қандай да бір келіспеушілігі болған барлық ер адамдарды тергейтінін мәлім етті.
Марқұм актрисаның достары оның сүйіктісімен жиі ұрсысатын болғанын, тіпті кейде төбелесіп қалатынын айтқан.
Бұған дейін Анандидің рөлін сомдаған актрисаның қайтыс болғанын хабарлаған едік.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр