Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анамның алтындарын ұрладым: Құмар ойындарына салынған қазақ жігіті өкінішін айтты

Жасөспірім кезінен бері құмар ойындарына салынған Айбек есімді жігіт басынан өткен оқиғасын айтып, көмек сұрады. 23 жастағы жігіттің айтуынша, ол осы уақытқа дейін құмар ойындарын ойнап, шамамен  2,5 миллион теңге ұтылып қалғанын айтты.

Анамның алтындарын ұрладым: Құмар ойынына салынып кеткен қазақ жігіті өкінішін айтты

Бұл туралы Жетінші арнаның «Өз ойым» бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz жазады.

Ол казиноға қалай кіріп, 16 жасынан бері неше түрлі құмар ойындарын ойнап келгенін жасырмай айтты. Құмар ойындарының барлық түрлерін ойнап көрген Айбек ақша таппай, анасының алтындарын ұрлап, сол ойындарға тіккенінде жасырмады.

“Әкемнен таяқ жесем де, өз дегенімді қоймадым. Күн ара құмар ойынға барамын. Ұтқан кездерімнен ұтылған кезім көп болды”, – дейді Айбек.

Ендігі Айбек дұрыс жолға түсіп, емделсем деген ниетпен студияға келген. Осы уақытқа дейін ол 2,5 миллиондай ұтылып қалғанын да жасырмады.

Айбекке көмек қолын ұсынуға келген студия қонақтары да болды. Халық емшісі, медицина маманы және діни тұрғыда емдейтін қонақтар да өз ойларын айтты. Эфир соңында Айбек «діни тұрғыда емделем» деп өз таңдауын жасады.

Одан бөлек бағдарлама барысында айтыскер ақын Асхат Қылышбеков скайпқа шықты.

“Кезінде Қапшағайдағы үлкен казиноға арнайы үш рет барғанмын. Әр ойынға $500, $1500 АҚШ доллар кетті”, – дейді айтыскер ақын.

Сонымен қатар ол адасып құмар ойынға ілігіп жүрген жандарға өзінің дер кезінде иманның арқасында тоқтағанын айтты. «Тасыған өмірде азаматтың басынан неше түрлі жағдай өтеді ғой» деген айтыскер ақынның сөзінше,  «Казино» деп аталатын өлеңі сол құмар ойынның арқасында шыққан.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін құмар ойындарының жолына түскен азамат бір адамды пышақтап тастаған еді.

Талқылау