Аналық жасушаның қатысуынсыз-ақ сәбилердің өмірге келуі мүмкін

Сәрсенбі, 14 Қыркүйек , 2016 22:30

Аналық жасушаның қатысуынысыз дүниеге нәресте әкелуге ғылымның қол жеткізе алатынына сәтті өткізілген тәжірибелер куә.

bk_info_orig_28785_1431271641

Nature Communications журналында жарияланған зерттеу жұмысына сәйкес, аталық ұрықты аналық жасушаны ұрықтандырғанына «сендіру» арқылы дені сау тышқандардың туылуына қол жеткізілген.

Ғалымдардың пікірінше, бұл болашақта әйелдің қатысуынсыз-ақ сәбилердің жарық дүниеге есігін ашуы мүмкін болуы ықтимал.

Бұл кезеңде жүргізілген зерттеулер ұрықтандыру процесін анығырақ түсінуге себін тигізеді.

Ата-анасыз ба?

Британдық Бат қаласындағы университет ғалымдары өз тәжірибесін ұрықтандырылмаған аналық жасушадан бастаған-да.

Түрлі химиялық заттектердің көмегімен «алдау» арқылы оны «жалған эмбрионға» айналдыра алды.

Мұндай жалған эмбриондар көп жағынан тері жасушасы сынды кәдімгі жасушаларға ұқсайды. Олар бөлініп, өз ДНҚ-ын бақылай алады.

Ғалымдар егер аталған жолмен дені сау тышқандардың туылуы мүмкін болса, онда болашақта мұндай нәтижеге адамдардың ұрық жасушасынан өзге жасушалары арқылы қол жеткізуге болады деп топшылайды.

Тышқандарға жүргізілген тәжірибеде жүктіліктің сәтті боларының мүмкіндігі 25%-ды құраған.

«Ұрықтың аналық жасушаға қатысы жоқ бөгде жасушаларды ұрықтандыра алатыны, ол арқылы дені сау ұрпақтың өмірге келуі мүмкін екендігін алғаш рет дәлелдей алдық», – дейді зерттеушілердің бірі, дәрігер Тони Перри.

«Бұл біздің бүгінгі күнге дейінгі түсінігімізді түбегейлі өзгертті», – деп қосады ол.

Тәжірибе нәтижесінде дүниеге келген тышқандар сау әрі өмір сүрі ұзақтығы да қалыпты. Оған қоса өмірге дені сау ұрпақ әкелуге қабілетті.

Ұрықтандыру

Жүргізілген тәжірибе жұмыстарының мақсаты ұрықтандырудың нақты механизмін ұғыну еді. Ұрық пен аналық жасуша қосылған кезде не болатыны әлі күнге дейін толық анықталмаған.

Мысалы, аналық жасуша ұрық ДНҚ-ның химиялық қабығын түгелдей өзгертеді. Нәтижесінде ұрық өзін эмбрион ретінде ұстай бастайды. Десе де бұл «түрленудің» қандай сипатта орын алатыны әлі де белгісіз.

Баланың туылу процесінде аналық жасушаға тәуелді болмаудың тереңге бойлаған әлеуметтік салдары болуы мүмкін.

«Алдағы болашақта орын алуы мүмкін дүниелердің бірі адам денесіндегі қарапайым жасушалардың ұрықпен қосылып, эмбрион құрай алуы», – дейді дәргер Перри.

Басқаша айтқанда, екі еркек те балаларына тең дәрежедегі ата-ана бола алады: біреуі кәдімгі жасушасын, екіншісі ұрығын береді.

Немесе бір ғана еркектің өз ұрығы мен жасушасы арқылы балаға ана да, әке де бола алады. Мұндай жағдайда туылған бала клон емес, ата-анасының түрлі жұмыртқалы егізі тәрізді болады.

Дәрігер Перр әзірге мұның тек қиялдар қатарында екендігін айтады.

Үстіміздегі жылы қытайлық мамандар тышқанның бағаналық жасушаларынан ұрық жасап, артынша осы ұрықпен аналық жасушаны ұрықтандырған. Нәтижесінде дені сау тышқандар өмірге келді.

Доктор Перридің сөзінше, екі тәжірибе жұмыстарын біріктіріп, ұрықтың да, аналық жасушаның да қатысуынсыз өмірге бала әкелу мүмкіндігіне қол жеткізуге болады.

«Қол жеткен нәтиже тәжірибе жұмыстары авторларын жігерлендіргені таңданыс туғызбайды», – дейді Фрэнсис Крик атындағы британиялық биомедициналық зерттеу орталығының профессоры Робин Ловелл-Бэдж.

«Технологиялық көзқарас тұрғысынан бұл өте керемет табыс әрі қызықты зерттеу жұмысы. Ол ұрықтандыру үшін, клондау үшін аса маңызды, организмнің алғашқы кезеңнен бастап дамуында орын алатын өзгерістердің сырын аша алады», – дейді ол.

«Ал кең түсінігінде басқа да жағдайларда жасушаларды қайта бағдарламалау механизмдерін анықтауға мүмкіндік береді. Оның қалай жүзеге асатыны бізге беймәлім. Десе де бұл тәжірибе аталған бағытта белгілі бір көрсеткіштер береді», – дейді профессор Робин Ловелл-Бэдж.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

5
Комментариев
  • Анонимно says:

    Тамаша жаналык

  • Жұмбақ жан says:

    Аллага карсы келмендер деу керек Япония мен Кытайды карандар еллеринде не бир бале болып жатад Аллага карсы турып ойларына келгенди жасайтындыктан

  • Анон says:

    Армандамандарш а

  • Анонимно says:

    Ақылға қонымсыз нәрсені ғалымдар көп айтатын болыпты

  • Анонимно says:

    Кудайсыз адам жасалмайды

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар