Ан-28-дің қара жәшігіндегі ақпараттар апта аяғына дейін белгілі болады

Ұшақтың бұл түрін пайдалануға тыйым салу мәселесі содан кейін шешілмек. Сол қара жәшікті қазір Мәскеудегі Мемлекетаралық авиация комитетінің момандары тексеріп жатқанын айта кетейік. Жалпы елімізде Ан-28 ұшағының 6 данасы болса, соның тек екеуі ғана қолданыста екен. Бұл туралы КТК хабарлайды.

Қара жәшік Мәскеудегі мемлекетаралық авиация комиетінің сараптамасына жіберілген еді. Оның қатты бүлінуі жұмысқа тұсау болып тұр. Дегенмен, министрлік осы жұма толық ақпарат аламыз деп отыр. Егер қосымша уақыт қажет болса, арнайы комиссия тергеу мерзімін ұзартуға да дайын.

Жалпы, биыл болған бес әуе апатының өзі 11 адамның өмірін жалмаған екен. Инвестициялар және даму вице министрі Роман Скляр соңғы үш жылға шолу жасады. Тергеу қорытындысы негізінен апаттардың адам және ауа райы факторынан екенін көрсеткен. Склярдың айтуынша, көп ұшқыш «әлін білмей әлек» болады. Өз мүмкіндігі мен білігін дұрыс бағалай алмаудың арты өкінішті жайтқа ұласқанын көз көрді дейді шенеунік. Қазір кіші авиацияда 662 әуе кемесі тіркелген. Олардың жарамдылығына қатысты Инвестициялар және даму вице министрінің сұхбатын тыңдап көрейік.

“Олардың ішіндегі 382 ұшақтың ұшу жарамдылығын растайтын сертификаты бар. Яғни, бүгінде ұшу қызметін атқарып жатыр. Жыл сайын тіркелетіндердің қатары көбейіп келеді. Кіші авиация қазір негізінен ауыл шаруашылығында белсенді түрде пайдаланылып келеді. Санитарлық, бақылау жұмыстарына жұмылдырылған”, – деді ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр.

Өткен аптада Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Тоты Әмірова Ан-28-ді енді мүлде ұшырмаудың жайы қарастырылып жатқанын айтқан. Ан-28-ді құрастырушы Антоновтың бюросы ұшақты пайдаланудың уақытын ұзартқан екен. Сондықтан, Азаматтық авиация комитеті оның жарамдылығына еш шүбә келтірмепті. Бірақ, болған апат беделді ұйымның бағалауында мін барын тайға таңба басқандай көрсетті. Алайда, әлі күнге осындай ұшақтардың ұшуына тұсау болатын арнайы заң жоқ. Оны айналымнан алғанның өзінде орнына басқасы болуы тиіс.

“Біз бұл әуе кемелерінің бәріне тексеру жүргізуіміз керек. Көбінің біраз жылдан бері пайдаланып келгенін білеміз. Тексеріс жүргеннен кейін сарапшылар өз тоқтамдарын айтады. Егер шынында ұшақтың бөлшектері ескі болып, әуеге жіберуге қауіп болса, жұмысын тоқтатамыз”, – деді Азаматтық авиация комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Тоты Әмірова.

Бортында бес адамы бар Ан-28 өткен сейсенбіде Алматы маңында апатқа ұшыраған. Санитарлық авиацияға тиесілі ұшақ науқас келіншекке шұғыл көмек көрсету үшін Шымкентке шыққан болатын. Бірақ көкке көтеріле бере, 12 минуттан соң Междуречинск ауылының іргесіне құлады Екі білікті дәрігер мен экипаждың үш мүшесі көз жұмды.

Тағы да оқыңыз:

Ерболат Досаев жаңа қызметке тағайындалды

Министр: Азаматтық қызметшілердің жалақысы 30%-ға өсті

Алматыда 18 жастағы Назерке Әріпті өлтірді деген күдікпен таксист ұсталды

Қазақша сайрап тұрған орыс қызы анасынан “қазақша сөйлеші” деп өтінді (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
21.06.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар