Алматыда мешіт қызметкерлері үмітсіз науқастың бүйрегіне ота жасап берді
Алматы қаласында Наурызбай ауданына қарасты «Қарағайлы» мешітінің ұйытқы болуымен үмітсіз науқас Ермекбаева Гүлзат деген азаматшаның Алматы қаласы Сызғанов атындағы ұлттық ғылыми хирургия орталығында бір бүйрегіне ота жасалды.

Қажетті соманы таба алмағандықтан үмітсіздікке түскен Гүлзат қарындасымыздың бір бүйрегін ауыстыру отасы сәтті өтіп, қазіргі жағдайы бір қалыпты жақсы. Отаның жасалуына Қарағайлы мешітінің Бас имамы Көкірекбаев Ермек ат салысып, демеушілерді ұйымдастырумен бір жарым милион теңге қаржылай көмек жасалды, деп хабарлайды Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі.

Алматы билігі Үлкен Алматы көліне апаратын жаяу жүргіншілер жолына 500 миллион теңге жұмсамақ
2023 жылы тамызда жолдың такси қызметі үшін ашылуы қоғамда наразылық туғызды
"Қазақ тілі тестінен өту қиын болып кеткен": Өзбекстаннан келген қандастар азаматтық бермей жатқанына шағымданды
Қандас: "Азаматтық алуды квотамен тікелей байланыстырмаса екен"