Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Америкалық журналист Қазақстандағы шопандардың қиын өмірінің сырын ашты

Журналист Эндрю Хиггинс қазақстандық бақташылармен әңгімелесу үшін Қазақстанға келген. Олар туралы америкалық The New York Times  басылымына “Қазақстан бақташыларын бағалайды, бірақ көбі бақташының қиын өмірін сүргісі келмейді” атты мақаласын жариялады.

Мақаланың басты түсінігі, шопандардың өмірі ауыр бола тұра аз жалақы алатындығы туралы. Онда қазақстандық шопандардың Кеңес үкіметіндегі өмірді аңсайтынын жазған. Себебі, ол кезеңде ел батырлары мен мақтаныштары бақташылардан болатын.   Ал, қазір ешкім шопан болғысы келмейді. Жастардың барлығы полицей мен қаржыгер болғысы келеді.
Ерлан Қожақов – америкалық мақаланың бас кейіпкері. Оның жасы 63-те. Шопан болып жұмыс істейді. Оның 3 ұл, 3 қызы бар. Үлкен ұлынан басқалары әкесінің айтқан көшпенді өміріне сенбей өздері қалаған мамандықты таңдады. Отбасының мақтанышы – кіші қызы Алматыда қаржыгер мамандығында оқиды.

“Қожақов тұманды ауа-райында жоғалып кеткен қойлары мен сиырларын қалай тапқанын айтып берді. Бақташының айтуынша, 5 жасында америкалық бақташылар туралы фильм көріп мал бағуға қызығушылығы артқан. “Бірақ америкалық бақташылардың өмірі біздікіне қарағанда жеңіл әрі қызық”, дейді кейіпкер”, -деп жазды мақала авторы.

Қожақов күнде Алматы мен Қытай шекарасы арасындағы құмды жерден мал айдайды. Ол мал жайылымының жанынан жаңадан салынған тас жол арқылы жүретін қымбат көліктерді көреді. Бұл қымбат көліктер қазақстандақ бақташының ойына өзінің отандастары қалай өмір сүретінін есіне түсіреді. Ол айына 300 доллардан аз ақша табады. Жақында оған 200 қойын сатуға тура келді, себебі оларды тамақтандыратын ештеңе табылмады.

“Ол өзіне жаңа терімен қапталып, кейізден жасалған, резеңкелі етік сатып алды. Бірақ жаңа етіктен де оның аяғы мұздады. Шопан күнде таң атқаннан кешке дейін салқын ауа-райында далада жүріп, мал бағады”, – дейді Хиггинс.

Әйелі Қожақова – 57 жастағы Кенже Қазақстанның Ресеймен шекаралас батыс аймағында туып, өскен. Ол журналиске көшпелі дәстүрдің қатал да қиын тұстарын айтып берді.  Кенжені 18 жасында басқа аймаққа әпкесін ұзатуға барғанда алып қашқан.

“Ол мені көріп, әйелі қылғысы келген”, дейді. Өзі бір де бір рет көрмеген Қожақовтың қалай алып қашқаны туралы да айтып берді. Кенже тұрмысқа шығуға рұқсатын бермегенше сол үйдің үлкен аналары мен әжелерінің қарауында болған” – деп жауап берген мақалада.

Эндрю Хиггинс мақалада  Қазақстандағы қалыңдық ұрлау дәстүрі туралы көзқарасын білдірген.

“”Қалыңдық алып қашу” салты 2006 жылы британдық актер Саша Барон Коэн сомдаған “Борат: қазақ халқына америкалық мәдениетті үйрету” фильмінде де суреттелді. Псевдодеректі стильде түсірілген фильм қазақ қоғамының ашуына тиді.

Астанада полиция “қазақстандық журналист Бораттың” образында ер адам купальнигін киген алты Чех студентін қамауға алды. Олар айыппұл төлеп құтылған болатын”, -деп пікірін білдірді америкалық журналист.

Хиггинс алдымен патшалық Ресей, кейін Кеңес үкіметі көшпелі мал щаруашылығы салтынан отырықшылыққа ауыстырып қана қоймай, қазақтардың өмірін қасіретке айналдырғаны туралы жазды. Соған қарамастан, қазақтар қазіргі кезге дейін көшпенділер дәстүрін сақтап қалған.

“2017 жылы Астанада “ЭКСПО” халықаралық көрмесі жоғары дәрежеде өтті. Қаладағы “Көшпенділер қаласы” (этномәдени кешен) қазақтардың ерекше байлығы мен дамыған өркениетін көрсете алды”, – делінген мақалада.
Сонымен қоса автор сұрақ мынадай қойып кетеді: бақташыларын құрметтейтін, теңізге шығатын жолы жоқ, Қазақстаннан 4 есе кішкентай Техаспен салыстырғанда небәрі 18 млн халқы бар, жері кең, шөбі шүйгін, табиғаты сұлу, топрағы құнарлы мемлекет неге мал шаруашылығына аз көңіл бөледі?

“2012 жылы үкімет ірі қара мал өндірісіне инвестиция салу туралы шешім шығарды. Олар Солтүстік Дакота штатына қазақ шопандарын жіберіп, америкалық бақташылардан қазақ даласына көмек беруін сұрады. Содан кейін бұл сала дами бастады. Дегенмен барлық қаржы Қожақов сияқты фермерлердің емес,  мемлекеттің меншігінде болды”,- дейді мақала авторы.

Сондықтан, қазақстандық бақташы мен оның әйелі Кеңес Одағы кезеңін сағынатындарын жасырмады, деп аяқтайды Хиггинс.

Тағы оқыңыз:

Ғалымдар күндіз неге ұйықтауға болмайтынын айтты

Ғалымдар ерлерге қандай әйелдер көбірек ұнайтынын анықтады

67 жастағы аспаз улы палау пісіріп, өзі сол асқа уланып қайтыс болды

Алматыдағы “Үш-қоңыр” базарында өрт шықты

Денсаулық сақтау министрлігі тегін дәрі-дәрмекті қалай алуға болатынын айтты

STAN.KZ
Сәрсенбі, 03 Қаңтар, 2018 15:49
Талқылау