Америкалық спортшы қазақстандық боксшының IBF аймақтық титулын тартып алуға ниетті
Спорттық мансабында бір-бір рет жеңілмеген қазақстандық боксшы Бақтияр Эюбов (13-0, 11 КО) америкалық спортшы Николас Гивхэнмен (21-1-1, 11 КО) жекпе-жек өткізуге дайындалуда.
Бұл туралы sport.inform.kz -ке сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Бүгінг жекпе-жекте IBF нұсқасының аймақтық титулының тағдыры шешіледі.
Дегенмен, отандасымыздың қарсыласы бұл белбеуді тартып алуға ниетті екеннін айтты. Америкалық боксшы өзінің Facebook парақшасында «Бір ғана патша бар» деген жазба қалдырып, «Оны тартып алатын уақыт келді» деп IBF аймақтық титулының суретін жариялаған.
Эюбов-Гивхэн жекпе жегі 22 маусымда АҚШ-тың Мичиган штатындағы Детройт қаласында өтеді. Жерлесіміз қатысатын бокстың басты кешінде IBF және WBC нұсқалары екінші орта салмақтағы әлем чемпионы америкалық Кларисса Шилдс (5-0, 2 КО) пен коста-рикалық Ханна Габриэльс (18-1-1, 11 КО) кездеседі.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.