Америкалық келіншек ұлына Құдайберген деп қазақша ат қойғанын айтты
Америкалық әйел өз есімінің Қазына, ұлының аты Құдайберген екенін айтты.

Желіде тараған видеода америкалық әйел өзінің Шымкентте екі жарым жыл тұрғанын, сол аралықта қазақ тілін үйреніп алғанын айтты. Ұлына қазақы есім бергенін атады. Айтуынша, ұлын Құдаш деп еркелетеді екен.
Ол қазақша қойған сұрақтың бәріне қазақ тілінде жауап берді.
“Шымкент өте ұнайды. Тұрғындары қонақжай. Кептеліс жоқ. Бәрі арзан. Орысша сөйлейтін қазақтар бар, бірақ бұл жақта орыстардың өзі қазақша сөйлейді. Мен де қазақ тілін үйреніп алдым”, – дейді ол.
Видеоны Жолымбет Мәкіш есімді желі қолданушысы жариялады.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"