Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Америкалық әйелдің үйін ұрлап кетті

Полицейлер Миссури қаласында тұратын америкалық әйелдің  жоғалып кеткен күшкентай үйін тауып берді.

detail_5fb9ffb5a022bf92e90a74576e843191

Лиза Стабблфилд үйін сауда орталығы маңындағы тұраққа тастап кеткен. Содан қайтып таба алмай қалған.

Үйшіктің көлік секілді дөңгелегі бар. Ол жылжымалы киім дүкенінің қызметін атқарады. Төбесінде шатыры мен қанаты бар. Ішінде киім киіп көретін бөлмесі мен тауарлары, киім ілгіштері болған.

President Donald Trump meets with Russian President Vladimir Putin at the G20 Summit, Friday, July 7, 2017, in Hamburg. (AP Photo/Evan Vucci)

Әйел үйшіктің жоғалғаны жөнінде дереу полицияға хабарлайды. Желідегі оқырмандары хабарландыруды 5 мыңнан көп рет бөліскен. Бірнеше адам бұл үйшікті әлдекімдердің алып бара жатқанын көргендерін айтыпты. Кейіннен үй иесіне бейтаныс әйел хабарласып, көрші ғимараттан жоғалған үйшікті көргенін айтқан.

Полицейлер оның айтуы бойынша Питтсбург қаласындағы аталған мекен-жайға барып, үйшікті тауып алды. Ұрылар үйдің сырт келбетін өзгертіп қойған.

Тағы да оқыңыз:

АҚШ президенті Путинмен өте қатал түрде сөйлескенін айтты

Бұрынғы судья көлікте жас баламен жыныстық қатынаспен айналысқан жерінен ұсталды

Бизнесмен жарнама үшін баласын әйелдер шұлығына салып әрі-бері сілкіледі (видео)

Талқылау