Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Ашер әйелдерге зорлық көрсетіп, жыныстық қатынаспен әдейілеп ауру жұқтырған

Америкалық әнші Ашер сексуалды зорлық көрсетті және әдейілеп серігіне ауру жұқтырды деп айыпталып жатыр.

Usher-2016-ppcorn

Лос-Анжелесте үш әйел әншінің атына арыз берді.

«Мен оның герпес дертімен ауыратынын білгенде, сене алмадым. Бұл жайлы ертерек білсем, онымен төсектес болуға келіспес едім», – дейді әйелдердің бірі Квантейша Шэрптон.

Оның айтуынша, әншімен концерттен соң төсектес болған. Сараптама нәтижесінде қыздың бойына герпес ауруы жұқпағаны көрсетілген. Алайда бойжеткен әнші бұл жайлы ескертуі керек еді деп есептейді. Әншімен жақындасқан екі әйелде герпес ауруы жұққаны бегілі болды.

2012 жылы әншінің атына арыз жазып, ауру жұқтырғанын айтқан тағы бір әйел сот арқылы 1,1 млн доллар өндіріп алған еді.

38 жастағы Ашер Терренс Реймонд IV америкалық танымал әншілердің бірі. Ол  2000 жылғы әншілер арасында екінші орынға шыққан. Бірінші орынды Эминем алған болатын.

Тағы да оқыңыз:

Дәрігер жүкті медбикенің ішінен аяғымен теуіп, сабап тастады (видео)

Ер адам тіс пастасының кесірінен мүгедек болып арбаға таңылды

Қытайда болған алапат жер сілкінісінен 12 адам көз жұмды

Талқылау