Америкада видео ойынға беріліп кеткен ер адам өзіне бөгет жасаған ұлын өлтірді
Американың Флорида штатында 31 жастағы Джеймс Дирман ойын ойнауға бөгет жасаған алты жасар ұлын жазаламақ болып, өлтіріп алды.

Күдіктінің құрбысы полицияға хабарлағандай, ойын ойнап отырған ер адам өзінің екі ұлын ұйықтауға жібереді. Алайда олар шулай берді. Сол кезде әкесі балаларын жазаламақ болып, теріс қаратып тұрғызып қояды. Кіші баласының сығалап қарап тұрғанын көріп қалған ер адам ашуға беріледі.
Баласын диванға жатқызып, бетіне жастық қойып, өзі үстіне отырып алады да, ойынын жалғастыра береді. Баласының жан ұшырып айқайлаған даусына мән бермейді. Нәтижесінде, бала ауа жетпей тұншығып қалып, жан тапсырады. Оқиға екінші ұлдың көз алдында болады.
Баланың демалмай қалғанын көрген кезде олар құтқару қызметіне хабарласады. Алайда бұл кезде бала жан тапсырып үлгерген еді. Полиция аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады. Қатыгез әке қамауға алынды.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"