Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Америка тұрғыны тойында әдемі көріну үшін 8 келі терісін алдырды (видео)

Америкалық әйел тойда арық әдемі көріну үшін 8 келідей терісін ота арқылы алдырып тастады.

Бұл туралы The Mirror басылымы жазды.

41 жастағы Ольга Эрнандес  семіздіктен арылу үшін майлы тағамдар мен жылдам әзірленетін ас түрлерінен бас тартқан. Соның арқасында өз салмағының жартысынан құтылған.

Ол өзін тек тамақтан тыймаған. Асқазанын кішірейту үшін ота да жасатқан. Алғашында 171 келі болған әйел төрт жылдық диетадан кейін 86 келі болған.

Эрнандес 17 жасында бірінші баласын көтергеннен кейін семіре бастағанын айтады. Ол бақытсыз балалық шағын еске алып күйзеліске жиі түсетін, өзін көңілді ұстау үшін жиі тамақтанаберіпті.

Бірден көп мөлшерде салмақ тастаған әйел енді жаңа проблемаға ұрынды. Оның терісі салбырап, денесінен бөлектенетін халге жеткен. 34 жастағы жігіт оны ұнатып, үйленуге ұсыныс жасаған кезде бірден той көйлегін кию мәселесін ойлапты.

«Той суреттерінде терім салбырап, өзім ісіңкі көрінетін болдым деп қатты алаңдадым. Білегімді сыйдыру үшін өзіме екі өлшемге үлкен көйлек таңдау керек»,-дейді әйел.

Оқи отырыңыз:

Отандық әншілер Ninety one тобы үшін “Жыл таңдауы” бәйгесіне қатысудан бас тартты

Жәния Джуринская: Дәрігерлер ақыл-есі кем бала боп туатынымды айтқан (видео)

Жол апатынан кейін халықпен қайта қауышқан Ернар Айдар сахнада көз жасын тоқтата алмады

 

Талқылау