"Америка таланттары" байқауында ән салған зағип жан жұртты жылатты (видео)
Америка таланттарын анықтайтын шоуда ән салған зағип жан жұрттың жүрегін елжіретті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Коди Лии есімді азамат "Америка таланттары" байқауында A Song For You (Сізге арнап) әнін фортепианода орындап жұртты тәнті еткен. Зағип жанның талантына таңқалысқан жұрт өнерпазға орындарынан тұрып, ыстық ықыласын білдірген.
Коди Лии өзінің мүгедектігіне қарамастан халықтың алдына шығып, өнерін паш еткен. Коди Лиидің дауысы сахнаны толығымен әуелегенде таңданбаған жан болмады. Осылайша "Америка таланттарында" Коди Лии өнерімен басым түскен.
Талқылау

"Мүгедектер мен аурулар саны артып келеді": Бір аптадан бері түтінге тұншығып отырған атыраулықтар дабыл қақты
Адамдар жүйке жүйесіне әсер ететін улы зат – күкіртсутекпен уланып жатыр

Қазақстандықтар Гуанчжоуда қайдан тамақтана алады: Қытай асханасына шолу
Қытайда жүріп, қытай асханасынан тамақтана алмасаңыз, ливан не түрік асханасына барсаңыз болады немесе фастфудқа тапсырыс беріңіз