Америка қайыршысы қауіпті қылмыскерлерді ұстап бергені үшін 140 мың доллар алды
Мэтью Хэй-Чапмэн Сан-Францискода түрмеден қашқан сотталушыларды құқық қорғау органдарына ұстап беруге көмектесіп, 140 мың доллар сыйақы алды.

Сурет www.piterburger.ru сайтынан алынды.
Оның өзінің айтуынша, суреттен көрген адамын да, бір көрген адамын да тез еске сақтап алады екен. Соған орай, оған дейін іздеуде жарияланған қылмыскерлерді бірден таныған. Ол қылмыскерлердің көлігі мен нөмірін жаттап алған. Сөйтіп, Ганнибал лектор лақап атымен белгілі қылмыскерді ұстауға көмектескен.
Хэй-Чапмэнға сыйақыны Федералды тергеу бюросы тағайындаған. Бастапқыда сыйақы көлемі 50 мың доллар болған. Кейіннен бұл сома көбейтіліп берілді. Ол енді сол ақшамен жаңа өмір бастап, бала-шағаларына көмектеспекші.
Өрт сөндіргіш, дәрі қобдишасы, апат белгісі: 2026 жылы Қазақстанда көлікте қандай заттар болуы керек
Мопедте болуы керек құжаттар тізімі де аталды
Қатерлі ісікке шалдыққан жігітке ғашық болған қазақстандық қыздың махаббаты оны сырқатынан айықтырды
Аружан Райымбектің жағдайын өте ауыр қабылдаған, тіпті сауығып кеткенше көзі жастан құрғамаған