American Airlines ұшқышы әуежайға қонар кезде қайтыс болды
American Airlines әуекомпаниясының Boeing 737-800 ұшағының екінші ұшқышы Альбукерке әуежайына қонар сәтте көз жұмды.

Ұшақ сәтті қонған. Ұшу-қону жолағында экипажды дәрігерлер күтіп тұрды. Ақ халаттылар жүрек-өкпе реанимациясын жасағанымен, ұшқыштың өміріне араша түсе алмады. Елдің азаматтық авиацияның федералды басқармасы ұшақтың Далластан Альбукеркеге бағыт алғандығын айтады. Қонуға бірер шақырым қалғанда әуе кемесінің капитаны «медициналық мәселеге» байланысты ұшақта төтенше жағдай жариялаған.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"