Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Амантай қажы Астанамен жасты астаналық қызды тоқал етіп алатынын айтты

Амантай қажы Хантемірұлы Асылбеков тоқал аламын деп жар салғалы бірталай жылдың жүзі өтті. Бүгінде жетпістің жетеуіне келген ақсақал бұл ойынан әлі де айнымаған. Тіпті, Астанамен жасты астаналық қызды аламын деп айды аспаннан бір-ақ шығарды.

Амантай қажы

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасының «Пендеміз ғой» бағдарламасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Жас тоқал аламын деген қария Астана қаласына арнайы үндеумен келген. Өз сөзінде ол елімізде жарты миллион қыздың тұрмысқа шыға алмай жүргенін айтып, бұл үлкен мәселені шешу керек екенін жеткізді.

Бұл мәселені тоқал алу арқылы шешпек болған Амантай Асылбеков елордамызбен жасты жас тоқал алғысы келетінін жасырмады.

Біраз жылдан бері тұрмысқа шыға алмай жүрген қыздар мен тоқал мәселесін жиі көтеретін Амантай қажы туралы желіде түрлі қауесет өріп жүр. Тіпті, жұрт қарияның 10 тоқалы бар деседі. Бұл сұраққа Аманатай Хантемірұлы өзі жауап беріп, отбасы туралы айтты.

«Менің бәйбішем бар. Құдайға шүкір, 7 балам, 12 немерем бар. Бұйырса, тағы болады. Бір ғана қайын жұртым бар», – дейді Амантай қажы.

Десе де көрермендермен сөзге келіп қалған қария бағдарламаның бел ортасында кетіп қалды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау